Қазақстан
1 мин оқу 150

Өткен тәулікте 4 947 авиажолаушы келді

<p style="text-align: justify;">Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті&nbsp;2021 жылдың 28 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2021 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Түрікменстан, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 947 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 266 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 302 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 386 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 5 рейс, 543 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 117 жолаушы;

Көкшетау қаласының әуежайына - 1 рейс, 6 жолаушы;

 Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 218 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 109 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Бөлісу:
Өткен тәулікте 4 947 авиажолаушы келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар