Тағайындау
1 мин оқу 710

Қызылорда облысының энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылорда облысының энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Жаңабаев Ерлан келді.

Ерлан Жаңабаев 1983 жылы дүниеге келген. Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын «инженер-экономист», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясын «Мемлекеттік цифрлық басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысының әкімдігінде бас маман болып бастап, 2007-2011 жылдары Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бірнеше бөлімді басқарған. Сондай-ақ, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2015 жылдары – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі болған.

2017-2018 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;

2018 жылдың маусым айынан Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Бөлісу:
Қызылорда облысының энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар