Жаңалықтар
1 мин оқу 355

Билл Гейтс «Microsoft» компаниясының кеңесшісі болды

06 02 - Bill GeitsБилл Гейтс «Microsoft» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы  Azattyg.org хабарлады. Б. Гейтс бұдан былай аталған компанияда  технологиялық мәселелер бойынша кеңесші қызметін атқарады. Ал оның орнына директорлар кеңесінің төрағасы болып Сатья Наделла тағайындалды. 46 жастағы Сатья Наделла бұл компанияда 22 жылдай қызмет істеген және соңғы уақытта қызмет көрсету және бизнес бөлімін басқарған екен. Компанияның 39 жылдық тарихында Сатья Наделла Билл Гейтс пен Стив Балмерден кейінгі үшінші бас директор болып отыр. Гейтс пен Балмер өткен жылғы тамыз айында зейнетке шығуға ниет те білдірген көрінеді. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Azattyg.org. Фото: Reuters.com.
Бөлісу:
Билл Гейтс «Microsoft» компаниясының кеңесшісі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар