Коронавирус
1 мин оқу 144

Алматыда коронавирус жұқтырған 35 жүкті әйел ауруханада жатыр

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Біздің ауруханаларда коронавирус жұқтырған 35 жүкті әйел ем қабылдап жатыр, оның біреуінің жағдайы өте ауыр, екеуінің жағдайы ауыр және екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 283 әйел үйде дәрігелердің бақылауымен ем алып жатыр», деді Л.Мырзағали.

Спикердің айтуынша, инфекциялық стационарларда жалпы саны 1 788 адам жатыр (төсек-орынның жалпы саны – 5230), оның ішінде 53-і - бала. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 448 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4 190 науқас. 159 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған 35 жүкті әйел ауруханада жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар