Қазақстан
1 мин оқу 630

«Атамекен» экспедициясы көне Сайрамды аралады

<p style="text-align: justify;">Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай &laquo;Егемен Қазақстан&raquo; республикалық газеті бастаған &laquo;Атамекен&raquo; экспедициясының мүшелері&nbsp;Сайрамның киелі кесенелерін аралады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сонау көне замандарда Ұлы Жібек жолындағы басты сауда және мәдениет орталықтарының бірі болған шаһардың көшпелі өркениет үшін мән-маңызы аса жоғары болды. Содан болар, бұл өңірде кесенелер, киелі мазарлар мен сәулет кешендері сияқты ортағасырлық ескерткіштер өте көп.  
 
а
 
«Атамекен» танымдық экспедиция мүшелері әуелі Ибраһим Ата кесенесіне жол тартты.
 
Ибраһим Ата - Қожа Ахмет Йасауидің әкесі. Сайрамда Ибраһим Ата мен оның зайыбы Қарашаш Ана кесенесі киелі орындардың бірі деп есептелінеді.
 
а
 
 
Журналистер «Хызыр» мұнарасына да барды. Мұнараның биіктігі жер сілкінісі салдарынан 10,5 метрден 5,7 метрге дейін қысқарған. Десе де, мұнараны зерделеп, реставрация жүргізу мақсатында тарихшы-археологтардан құралған топ бірлесіп жұмыс атқаруда.
 
Қазіргі Сайрам баға жетпес жәдігерлерге тұнып тұрған ашық аспан астындағы мұражайды еске салады. Осынау көне қала экспедиция мүшелерінің саяхатын түрлендіре түсті.
 
п
Бөлісу:
«Атамекен» экспедициясы көне Сайрамды аралады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар