Алматылықтар коронавирусты қай жерде жиі жұқтырады?
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Маманның айтуынша, сауда орындарында инфекцияны жұқтыру 3%-ға, азық-түлік бөлшек сауда желілерінде, супермаркеттерде - 2,5%-ға, азық-түліктік емес дүкендерде - 1,7%-ға, метрода - 0,6%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - 0,8%-ға, монша-сауналарда - 0,5%-ға көтерілген. Сонымен қатар дәріхана, медициналық мекеме, банк, пошта, демалыс саябақтары сияқты нысандарда 0,1%-ға өскен.
«Бүгінде инфекцияны жұқтырудың негізгі орындары ретінде сауда нысандары - 35%, қоғамдық көліктер - 19%, отбасылармен байланыс - 18,4%, базарлар - 9% тіркеліп отыр», деді ол.