Жаңалықтар
1 мин оқу 570
ХАТТАМАҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Жақында Астанада Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасының сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері арасында консультациялар болып өтті. <!--more-->Қазақстан делегациясын СІМ-інің жауапты хатшысы Р.Жошыбаев, Австрия делегациясын Консулдық-құқықтық департаментінің бас директоры – Австрия Республикасы Федералды Сыртқы істер министрлігінің елшісі Е.Тихи-Фислбергер басқарды.
Қазақстан азаматтарына виза ресімдеу тәртібін жеңілдету, заңсыз көші-қонмен және адам саудасымен күресу, есірткі заттарының заңсыз айналымымен күресу, азаматтыққа қатысты мәселелерді реттеу жөнінде пікір алмасты.
Консулдық консультациялар нәтижесі бойынша Хаттамаға қол қойылды, деп хабарлады еліміз СІМ-інің баспасөз қызметі.
Бөлісу: