Теннис
1 мин оқу 130

Путинцева жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Теннистен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінің қазір нағыз қызған шағы. Жарыстың үшінші күні екінші кезеңдегі ойындарды тамашаладық. Жергілікті жанкүйерлердің назары еліміздің танымал теннисшісі Юлия Путинцеваға ауды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Путинцева жеңіске жетті

Грузиялық Екатерина Горгодзені ойсырата ұтқан Юлия Путинцева екінші айналымда беларуссиялық Вера Лапкомен кездеседі. Кезінде «ТОП-60» ойыншының қатарында болған Минскінің тумасы соңғы кездері жиі сүрініп жүр. Бүгінгі таңда ол 408-сатыда. Көпшілік жорамалдағандай бұл бәсекеде Путинцева 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді жерлесіміз Анастасия Гасановамен кездеседі.

Жарыстың үшінші күні өткен өзге бәсекелерде мынадай нәтижелер тіркелді: Кристина Младенович (Франция) – Анастасия Потапова (Ресей) 6:1, 4:6, 3:6; Клара Бюрель (Франция) – Жаклин Кристиан (Румыния) 6:7, 6:1, 6:2; Александра Крунич (Сербия) – Кая Юван (Словения) 6:4, 6:3, Варвара Грачева (Ресей) – Леся Цуренко (Украина) 6:2, 6:4; Анна-Лена Фридзам (Германия) – Элисон Ван Эйтбанк (Бельгия) 4:6, 6:3, 4:6 және Анастасия Гасанова (Ресей) – Ана Конюх (Хорватия) 2:6, 7:6, 6:2

Бөлісу:
Путинцева жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар