13 миллион адам жалпыға бірдей декларация тапсыруы керек
<p style="text-align: justify;">ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев орталық коммуникациялар қызметіне өтіп жатқан брифингте алдағы жылдары қанша адам декларация тапсыруға міндеттелетінін айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген азаматтар және олардың жұбайлары өздерінің жеке активтері мен міндеттемелерін бірінші кезеңде көрсетеді. Бүгінгі таңда олардың 99%-ы электронды түрде декларация тапсырған.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап - мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайлары, 2024 жылдан бастап - бизнес өкілдері, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, 2025 жылдан бастап барлық азамат декларация тапсыруы тиіс.
«Алдын ала деректер бойынша жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 13 миллион адам кіретін болады», деді спикер.