Елорда
1 мин оқу 161

Елордада бір күнде 10 мекеме карантин талабын бұзды

<p style="text-align: justify;">29 қыркүйекте карантин талабын бұзған 10 мекеме анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Алматы ауданында орналасқан «Панаехали» барында, «Sova» караоке-барында және «Alanya» түнгі клубында белгіленген жұмыс режимі сақталмаған.

Байқоңыр ауданындағы «Панаехали» барында карантинді бұзу фактісі тіркелді.

Есіл ауданында 6 қоғамдық тамақтану орны: «the ДЫМ» лаундж-бары, «Respublika», «Derby pub», «Панаехали», «TEQUILA» барлары және «INFORNO» мейрамханасы шектеу шараларына салғырт қараған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Бөлісу:
Елордада бір күнде 10 мекеме карантин талабын бұзды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар