Қоғам
1 мин оқу 273
Жастар саясаты саласындағы кадрларды кәсіби дамыту жобасы басталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін жастар саясаты саласындағы республикалық және өңірлік басқару кадрларын кәсіби қолдау мақсатында «Кәсіби даму академиясы» жобасы бастау алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.</p>

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Омаров жас кадрларды қолдау үшін кәсіби алаңдардың маңыздылығын атап өтті.
«Адами капиталды дамытуға инвестициялар - бұл ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралдарының бірі», деді А.Омаров.
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасының 10 күні ішінде коуч-сессиялар, оқытушы сағаттары және тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Олардың барлығы жастармен жұмыс істеуде кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Іс-шараға жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, басшы ретіндегі тәжірибесі бар өңірлік мемлекеттік қызметшілер қатысты. Бірінші күні Қазақстандағы Халықаралық бизнес-тренерлер мектебінің өкілі Людмила Серекбаева қатысушыларға қазіргі заманғы көшбасшылардың қалыптасуы мен қажетті дағдылары, сондай-ақ команданы басқарудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Кәсіби даму академиясы» жобасы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты және «Nur Otan» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебі арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижесі болды.
Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды, соның ішінде «Ashyq» бағдарламасын қолдану жағдайында өтті.
Бөлісу: