Қоғам
1 мин оқу 320

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасы әзірленді

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр ел халқының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасы әзірленгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;"><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында Үкімет «бір терезе» қағидаты бойынша әкімшісі ретінде «Отбасы» банкін белгілеумен толыққанды бағдарлама әзірлеуді жүргізуде. Ел халқының тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған, мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру және мұқтаждар есебіне қоюдың бірыңғай қағидаларын бекітуді көздейтін тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы әзірленді», деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-премьер зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» шоттарға аударуға мүмкіндік беретін нормативтік база қарастырылып жатқанын алға тартты.

«Оның ішінде азаматтарға кейіннен тұрғын үй сатып алу мақсатында жинақтау үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» шоттарға аударуға құқық беруді көздейтін нормативтік база қайта қарастырылып жатыр», деп толықтырды Роман Скляр.

Бөлісу:
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасы әзірленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар