Аймақтар
1 мин оқу 170
Шымкентте 6500 абонент газсыз қалды
<p style="text-align: justify;">Шымкентте экскаватор жүргізушісінің кесірінен 6500 абонент газсыз қалды. Жүргізуші кеше түнде сағат 22:00 шамасында Алматы айналма жолында жер қазу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сала мамандарының мәліметінше, оқиға орнына авариялық құтқару бригадасы келген. Тексеру жүргізген мамандар экскаватор жүргізушісінің жерасты жоғары қысымды Ду-315мм полиэтилен газ құбырына зақым келтіргенін анықтаған. Салдарынан қазір сол маңдағы 6500 тұтынушы мен 35 бірлік коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, 6 өнеркәсіптік кәсіпорын газдан ажыратылған. Кінәлі жүргізушіні Абай аудандық ПБ қызметкерлері іздестіруде.
Бөлісу: