Бокс
1 мин оқу 420

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының (10-0-0, 6 KO) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

 BoxingScene басылымының хабарлауынша, ол 37 жастағы француз, орта салмақтағы WBA және WBO бойынша экс-чемпион Хассан Н'Дам Н'Жикамға қарсы шығады. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Олар Лас-Вегаста 5 қараша күні екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы Микаэл Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш андеркартында күш сынасады.

Айта кетейік, 29 жастағы Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін маусым айында Лас-Вегаста АҚШ-тың бұрынғы чемпион Роб Брантқа қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Ал Н'Жикам маусым айында Францияда венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша жеңген.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар