Елордада жалған мониторингтік топ ұсталды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының жалдамалы қызметкерін әшкереледі, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Ол өзін мониторингтік топтың мүшесі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарының иесі мен әкімшісін алдаған. Ойын-сауық орнының өкілдері ай сайын күдіктіге қамқорлығы үшін және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқаны үшін ақшалай қаражат төлеген.
«Іске лауазымды тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріледі», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.
Қазір сот күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданған.