Әлем
1 мин оқу 432
9 жасар бала үш інісін өрттен алып шықты
<p style="text-align: justify;">Бішкекте 9 жасар Нұрмұхамед Жұмабеков жанып жатқан үйден адамдардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
24 қыркүйекте сағат 13:44 шамасында Первомай ауданының Месарош көшесіндегі №85-үйде өрт шыққан болатын. Өрт салдарынан аумағы 90 шаршы метр уақытша баспана жанған. Өрттің шығу себебі нақтылануда. Өрт орнына №6 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің бір өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды.
Қырғызстан Республикасының ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрмұхамед үйінде болған өрт кезінде 2014, 2016 және 2018 жылы туған інілерін құтқарып қалған.
Бөлісу: