Теннис
1 мин оқу 242

Елена Рыбакина Чикаго турнирінің жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Чикаго WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елена Рыбакина Чикаго турнирінің жартылай финалына шықты

Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 12-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен күш сынасты. Токио Олимпиадасында жартылай финалда Е.Рыбакина осы теннисшіден ұтылып қалған еді.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4. Екінші сетте есеп 1:3 болған мезетте Б.Бенчич матчты жалғастырудан бас тартты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

Қарсыласы 6 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді. Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалына шығу үшін Е.Рыбакина әлемнің 16-ыншы, осы турнирдің 4-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен таласады.

О.Жабер ширек финалда әлемнің алтыншы, Чикаго жарысының 1-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинадан айласын асырып кетті – 6:4, 6:2.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Чикаго турнирінің жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар