«QazVac» вакцинасы ҚМДБ-ның «Халал даму» ЖШС сертификатын алды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық «QazVac» вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұдан бұрын «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, «OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауытында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.