Коронавирус
1 мин оқу 252

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Кеше Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

4 қазандағы мәлімет бойынша, 59 135 адам коронавирус инфекциясынан (–51 146 + және 7 989 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде, 10 367 пациент стационарда, 48 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 765 адамның жағдайы ауыр,
• 224 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар