Футбол
1 мин оқу 170
Португалия футзалдан әлемдегі ең үздік команда атанды
<p style="text-align: justify;">Литвада футзалдан 9-шы Әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Финалда Португалия мен Аргентина құрамасы кездесті. Португалдықтардың жолы болды, олар өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. Шешуші кездесуде еуропалықтар оңтүстік америкалықтарды 2:1 есебімен ұтты.
3-орын үшін кездесуде Бразилия Қазақстанды 4:2 есебімен ұтты.
Әлемнің бес дүркін чемпионы бразилиялықтар өз тарихында екінші рет қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан футзал құрамасы да алғаш рет Әлем чемпионатында 4-орынға қол жеткізді.
Бөлісу: