Аймақтар
1 мин оқу 300
Өндірісте жазатайым оқиғалар жиіледі
<p style="text-align: justify;">Екібастұз қаласындағы өндіріс орындарының бірінде 24 жастағы машинист көмекшісі төрт метр биіктіктен құлады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға сағат 20:00-де кәсіпорындардың бірінің аумағында болған. Жарақат алған әйел өткен сенбіде сағат 23:15-те медициналық мекемеге жүгінді.
«30 қыркүйекте көмірді жеткізу контейнерін тексеру кезінде еденнің құлауы салдарынан жұмысшы 4 метр биіктіктен құлады», деп хабарлады полиция департаменті.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бөлісу: