Әлем
1 мин оқу 370

Үш мың баррель мұнай Тынық мұхитына құйылды

<p style="text-align: justify;">Калифорния штатында құбыр жарылып, 3 мың баррельден астам мұнай Тынық мұхитына құйылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға штаттың оңтүстігіндегі Оранж округінің аумағындағы Amplify Energy мұнай құбырында болған. CNN телеарнасының хабарлауынша, қазірдің өзінде жергілікті фаунаға әсер етіп жатыр.

«Біз жағалаудан өлген құстар мен балықтарды таба бастадық»,  деп хабарлаған телеарнаға округ өкілі Кэтрин Фоли.

АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі оқиғаны тексеру үшін маман жіберген.

«Қазіргі уақытта мұнай көзінің ұзындығы шамамен 12 км құрайды, ал құбыр әлі жөнделген жоқ», деп жазады дереккөз.

Билік сақтық шарасы ретінде демалыс күндеріне жоспарланған авиашоуды тоқтатты. Жергілікті тұрғындарға экологиялық апат аймағына бармау ұсынылды.

Бөлісу:
Үш мың баррель мұнай Тынық мұхитына құйылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар