Аймақтар
2 мин оқу 181

Комбайнға қажетті бөлшек шығарады

<p style="text-align: justify;">Қарапайым ауыл агрономына мақта теретін комбайн жүргізушілерінің қажетті бөлшекті көрші елден алып жүргені ой салса керек. Зерделей келе комбайндарға аса қажетті &laquo;шпиндельді щетканы&raquo; ауыл аспай-ақ шығаруға болатынына көз жеткізеді. Сөйтіп пластикалық қалдықтардан, жалпақ тілмен айтқанда босаған баклашкалардан әлгі бөлшекті жасап шығарады.</p>

Комбайнға қажетті бөлшек шығарады

Бүгінде Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Қозыбай Әше­ковтің өнімі сұранысқа ие. Ауыл шаруашылығы сала­сындағы білімін бизнеспен ұштас­тырған агроном ұлы Ал­тай­мен бірге пластикалық қал­дықтардан «шпиндельді щетка» мен қалыңдығы 1 мм болатын жіп шы­ғаруда. Бұ­ған дейін аталған щетканы көршілес Өзбекстан елінен тап­сырыспен алып келген комбайн жүр­гізушілері ауыл азаматының қолынан шыққан өнім сапасының жоғары, ба­ғасының арзан екенін айтады. Бір комбайнға 96 дана кететін бір маусымға жарамды өзбекстандық щетканың әр данасы базар нарығында 4 мың теңге болса, Қозыбай Әшековтің қолынан шыққан екі маусымға жарамды өнім­нің бағасы соның тең жартысы, яғни 2 мың теңге тұрады. Осылайша, отба­сылық бизнесті дамытып отырған Қозы­бай Әбдірашимұлы қолынан іс келе­тін ауылдың тағы бір тұр­­­ғынын жұ­мыспен қамтып отыр. Қолдағы бары­мен кәсіп аш­қан азамат алдағы уақытта мем­лекеттік қолдаумен несие алуға ниетті.

«Мемлекетіміздің жүйелі саяса­ты­ның нәтижесінде жыл сайын кәсіп­керлерге жасалатын мемлекеттік қам­қорлықтардың қатары артып, бері­летін несие­лердің көлемі де көбейіп келеді. Біз де сол бағдарламаларға қа­тысып, жеңілдетілген пайызбен несие алуды, алдағы уақытта кә­сібімізді кеңейтсек, өнім кө­ле­мін арттырсақ деген жос­пардамыз», дейді Қ.Әшеков.

Бүгінде кәсіпкер күніне 25 дана­ға дейін шпиндельді щетка жасауда. Өткен жылы 28, би­ыл 40-қа тарта комбайнға өнім дайындаған аза­мат­тар тап­­сырыстың күн санап артып отырғанын айтады. Сон­дай-ақ Қ.Әшековтің отбасы жылы­жай, бау-бақ­ша өсіру ісін де дұрыс жолға қойып, ауыл тұрғындарын жыл бойы көк­­өніспен қамтамасыз етіп келеді.

Бөлісу:
Комбайнға қажетті бөлшек шығарады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар