Спорт
1 мин оқу 410

Таниева халықаралық турнирде 3-орын алды

<p style="text-align: justify;">Мәскеуде көркем гимнастикадан халықаралық&nbsp;Olympico Cup 2021 турнирі аяқталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Халықаралық сын Ирина Винер-Усманова атындағы көркем гимнастика сарайында өтті. Көпсайыс қорытындысы бойынша Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Дина Аверина жеңіске жетті. Екінші орында оның сыңары Арина Аверина иеленді. 

Ал қазақстандық Эльжана Таниева үшінші орынға табан тіреді.

«Бұл қазіргі таңда Мәскеудегі Винер академиясында жаттығатын Эльжананың тырнақалды табыстарының бірі», деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупованың бастамасымен отандық екі гимнаст Эльжана Таниева мен Сабина Бакатова Ресейдегі Ирина Винер-Усманова академиясында жаттығып жатыр. 

Бөлісу:
Таниева халықаралық турнирде 3-орын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар