Экология
1 мин оқу 151

600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін суармалы жер көлемі 3 миллион гектарға жетуі керек. 

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда 1,6 миллион гектар суармалы жер бар.

«Бес жыл ішінде 600 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Осылайша, суармалы жерлердің алаңы 2,2 миллион гектарға дейін жеткізілетін болады», деді С. Брекешев.

Сонымен қатар 2025-2030 жылдар аралығында 800 мың гектар суармалы жер айналымға енгізілетін болады. 

Бөлісу:
600 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар