Nur-AvtoKz көлік орталығының директоры ұсталды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда Nur-AvtoKz автоорталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елорда тұрғындары полицияға арызданып, компания басшылығы алдау мен сенімге қиянат жасау арқылы өз қаражаттарын иемденіп алғанын айтқан.
«28 жастағы серіктестік директоры автокөлік сатамын деген желеумен азаматтармен келісімшарт жасасқан, бірақ жеме-жемге келгенде арадағы келісімді орындамаған. Сонымен қатар күдікті сату-сатып алу келісімшарттарын жасау арқылы азаматтардың көліктерін иемденген, бірақ ақшасын төлемеген. Кейіннен көлік үшінші тұлғаларға сатылып кете барған. Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.
Nur-AvtoKz ЖШС директоры тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.