Әлем
1 мин оқу 453

Австралия туристерді 2022 жылдан бастап қабылдайды

<p style="text-align: justify;">Австралия шетелдік туристерді тек келесі жылдан бастап қабылдайды. Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкімет осы уақытқа дейін ел ішінде халықтың 80 процентін вакциналауды жоспарлап отыр. Ал биыл жыл соңына дейін білікті мигранттар мен студенттерді қабылдауға басымдық бермекші. 

Австралияда былтыр наурыз айында індет таралғалы шетелдік туристердің кіруіне тыйым салынған. Австралиялықтардың өзі елді тек белгілі себептермен ғана тастап шығуына рұқсат етілген. Қарашадан бастап бұл шектеуді жеңілдету қарастырылған. Австралияда 2019 жылы туризмнен түскен кірістің көлемі 33 миллиард долларға жеткен.

Бөлісу:
Австралия туристерді 2022 жылдан бастап қабылдайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар