Павлодарда суицид жиілеп барады
<p style="text-align: justify;">Павлодарда тағы бір адам балконнан секіріп кетті. Өз-өзіне қол жұмсаған азаматшаның денесі бүгін таңғы сағат 07:13-те табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 1972 жылы туған азаматша А.Бектұров көшесі 50/1 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйдің 8-ші қабатындағы балконнан секіріп кеткен.
- Бүгін, яғни 5 қазан күні таңғы сағат 07.13-те Бектұров көшесі, 50/1 үйде орналасқан дүкеннің төбесінен 49 жастағы әйелдің денесі табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, - делінген баспасөз хабарламасында.