Жаңалықтар
1 мин оқу 550

ЖҮРЕККЕ ОПЕРАЦИЯ ҚАРАҒАНДЫДА ЖАСАЛДЫ

Мемлекет басшысының атына Қарағанды қаласындағы Кардио­хи­рургиялық орталықта жүрек­теріне күрделі операция жасалған емделу­шілер Я.Щер­бинаның, Х.Жан­дәу­летовтің және Р.Тә­ше­новтің хат­та­ры ке­ліп түсті, деп ха­барлады Қа­зақстан Респуб­ликасы Пре­зиденті­нің баспасөз қызметі.<!--more-->

Хат авторлары өз облыс­та­рын­да­ғы кардиологтардың ба­қы­­лау­ын­да болғанда олардан әл­­де­неше рет жүректеріне ко­ро­наро­графия және операция жасату туралы ұсыныс алған­да­рын хабарлайды. Бұрын Қа­зақстанда мұндай операциялар Астана қаласында ғана жаса­лып, квотаға деген кезектерін жылдар бойы күтуге тура келетін. Оның үстіне мұндай операцияның құнын төлеуге шама жете бермейтін.

“Денсаулық сақтау сала­сын­да­ғы реформаларға орай кли­ни­каны, дәрігерді таңдау мүм­кін­дігіне бай­ланысты білгенімізде мұндай опе­ра­циялар жүргізіліп келе жатқан Қа­рағандыдағы Кар­диохирургия орталығы ту­ралы анықтап білдік. Оның үстіне бұл клиникаға Еуро­па­ның жетекші мамандары қам­қор­лық жасайды екен.

Біздің үлкен қуанышымызға орай алдын ала консульта­ция­лар­дан кейін жататын күнімізді бел­гі­леді. Емдеуді және зерттеуді тегін жүргізді.

Мұндай жағдайдың өзі біз үшін тіпті де қатардағы оқиға емес, сон­дықтан да Сізге барлық ау­ру­лар­дың аты­нан зор ризашы­лы­ғымызды білді­ріп, хат жазбай тұра алмадық. Қазір барлығымызда үміт пайда болды. Өйткені, жү­ректің ишемия­лық ауруы “жаса­рып” барады, ал медициналық операция жасалмаса, пациент­тер­дің дені мүгедек болып қалады.

Сізге денсаулық және қара­пай­ым адамдар үшін айрықша қажет те маңызды реформалар көп болсын деп тілейміз”, – делінген хатта.

Бөлісу: