Спорт
1 мин оқу 160

Әлемдік дода Ыстанбұлда өтеді

<p style="text-align: justify;">Әйелдер боксынан биылғы әлем чем&shy;пио&shy;наты желтоқсан айында Түр&shy;кия&shy;ның Ыстанбұл қаласында өтеді. Бұл ақпаратты АИБА-ның ресми сайты таратып отыр.</p>

Әлемдік дода Ыстанбұлда өтеді

Әйелдер боксынан әлем чемпионатының тұсауы осыдан тура 20 жыл бұрын АҚШ-тың Скелетон қаласында кесілген болатын. Сол кезден бері 11 жарыс ұйымдас­ты­­рылды. Қазақстан құрамасының қор­жы­нына алғашқы жүлдені салған – Назгүл Боранбаева. 2003 жылы Нью-Делиде ұйым­дастырылған байрақты бәсекеде қазақ қызы қола медальді иеленген еді. Өздерінің ең зор табысына қыздарымыз 2016 жылы Астанада шымылдығы түрілген біріншілікте қол жет­кізді. Сол кезде Назым Қызайбай, Дина Жо­­ла­ман, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева алтыннан алқа тақса, Жайна Шекербекова мен Айжан Қожабекова қолаға қол созған-тын.

Осының алдындағы әлем чемпионатының жалауы 2019 жылы Ресейдің Улан-Удэ қала­сында желбіреді. Бұл бәсекені жерлес­теріміз қос қола медальмен қорытындылады. Оның иегерлері – Милана Сафронова мен Дина Исламбекова.

Бөлісу:
Әлемдік дода Ыстанбұлда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар