Спорт
1 мин оқу 300

Таниева халықаралық турнирде үш қола медаль жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Olympico Cup - 2021 халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева үш медаль иеленді деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Olympic.kz сайты мәлім етті.

Жекелеген жаттығулар бойынша финалда бақ сынаған Таниева үш қола медаль жеңіп алды. Ол ресейлік спортшылар Дина мен Арина Авериналарға ғана есе жіберген. 

Айта кетейік, көпсайыс қорытындысы бойынша да Эльжана Таниева үздік үштікке енген болатын.

Бөлісу:
Таниева халықаралық турнирде үш қола медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар