Аймақтар
1 мин оқу 261

Алаяқтыққа барған мектеп директоры ұсталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық жасады деген күдікке&nbsp;ілінді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Облыстық Полиция департаментінде анықталғандай, Май ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны микрокредиттік ұйымнан қоңырау шалып, 1 млн теңге несие бойынша қарызын төлеуді талап ете бастады.

Ол алаяқтықтың құрбаны болғанын біліп, дереу полицияға жеткізді. Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

«Май ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол сол аудандағы мектептердің бірінің директоры болып шықты», деп толықтырды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алаяқтыққа барған мектеп директоры ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар