Министр жанармай бағасын реттей алмайтынын айтты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев </span>«KIOGE-2021» халықаралық мұнай және газ көрмесінде айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Министрдің айтуынша, Қазақстанда дизель отынын тұтыну көлемі бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жеткен. Биыл тамыз-қыркүйек айларында шамамен 520-540 мың тонна дизель отыны пайдаланылған.
«Дизель отыны және басқа да жанар-жағармай түрлерінің бағасы реттелмейді. Бағаны сұраныс пен ұсынысқа сүйене отырып нарық реттейді. Сондықтан да біздің министрліктің бағаны белгілеуге еш қатысы жоқ. Бүгінде мұнай бағасының өскені байқалады. Бір-екі күннің ішінде баррелі 78 доллардан 82 долларға дейін өсті. Әрине, мұнай бағасының өзгеруі жанар-жағармайдың бағасына әсер етеді», деді министр.