Елорда
1 мин оқу 170

Вакцина алған елордалыққа пәтер беріледі

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны 7 қазан күні сағат 14:10-да Хабар телеарнасының тікелей эфирінде өтеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің&nbsp;ресми сайтына&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Вакцина алған елордалыққа пәтер беріледі

Екі бөлмелі пәтер Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықта, «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі — «G-Park» құрылыс компаниясы.

«Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қаладағы вакцинация пункттерінің (медициналық мекемелердегі, сауда ойын-сауық орталықтарындағы) кез келгенінде екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады. Сонымен қатар тікелей эфирде пәтерден бөлек өзге де бағалы сыйлықтар ойнатылады: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т.б.», делінген ведомство хабарламасында.

Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол екпе алғандардың ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша Сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бөлісу:
Вакцина алған елордалыққа пәтер беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар