Әлем
1 мин оқу 270

Марокко билігі Ресеймен тікелей рейстерді тоқтатты

<p style="text-align: justify;">Марокко билігі 2021 жылдың 6 қазанынан бастап Ресейге тікелей тұрақты рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Рабаттағы Ресей елшілігі Facebook парақшасында хабарлады.

Марокко билігі тарапынан бұл шешімінің себептері туралы әзірге ақпарат берілмеген. 

Мамыр айында Ресей COVID-19-бен күреске байланысты шектеу шараларын алып тастағаннан кейін 8 елге, оның ішінде Мароккоға рейстерді қалпына келтірген болатын. 

Ресей Федерациясы Марокко азаматтары қыркүйектен бастап Беларусь арқылы транзитпен кіре алатынын хабарлады.

Бөлісу:
Марокко билігі Ресеймен тікелей рейстерді тоқтатты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар