Аймақтар
1 мин оқу 250

Павлодарда мектеп автобусы жол апатына ұшырады

<p style="text-align: justify;">Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Pavlodarnews.kz мәлімдеді.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин - Щедрин көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус көлік тұрағындағы «Фольксваген» автомобиліне барып соғылды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Павлодарда мектеп автобусы жол апатына ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар