Павлодардағы жол апаты: балалардың жағдайы белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Дәрігерлер Павлодарда орын алған жол апатынан зардап шеккен оқушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш бала травматология бөлімінде жатыр.
«2011 жылы туған баланың бет сүйегінің сынуы, ап 2006 жылы туған қыздың жабық бас сүйек-ми жарақаты бар. 2007 жылы туған тағы бір зардап шегушінің мұрны сынған. 6 бала ауруханаға жатқызуды қажет етпеді, амбулаторлық бақылау деңгейіне жіберілді», деп нақтылады ведомстводан.
Барлық қажетті емдік және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде.
6 қазан күні сағат 14:15-те Павлодарда Елгин және Щедрин көшелерінің қиылысында КАМАЗ маркалы өрт сөндіру автокөлігінің «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусымен соқтығысуы орын алды.