Аймақтар
2 мин оқу 1,043

Күннен жиналатын қуат

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласындағы Назарбаев Зият&shy;керлік мектебінде күннен электр қуатын жинайтын станса іске қосылды. &laquo;Назар&shy;баев Зияткерлік мектептері&raquo; дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың айтуынша, күн электр стансасы арқылы оқушыларды баламалы энергия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу жос&shy;парланып отыр.</p>

Күннен жиналатын қуат

– Бұдан үш жыл бұрын Астана экономикалық форумы аясында Shell компаниясымен «Күн энергиясы – мектептерге» пилоттық жобасын іске асыру мақсатын­­да меморандумға қол қойылған еді. Аталған пилоттық жоба «жасыл» экономикаға біртіндеп көшу, парниктік газдарды қыс­қарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту сынды бірнеше мақсатты іске асыруды көздейді. Сондай-ақ оқушылардың нақ­ты ғылымдарды (STEM) зерттеу­ге қызығушылығын оятып, эко­логиялық мәдениетін қалып­тастыруды мақсат еттік, – деді К.Шәмшидинова.

Қазір Shell компаниясының демеушілігімен іске қосылған күн электр стансалары Нұр-Сұлтан, Ақтау және Орал қала­ларындағы Назар­баев Зият­керлік мектептерінде жұмыс істеп тұр. Ал биылғы мамырда Атыраудағы білім ор­дасында күн панельдерінің құрылысы бас­тал­­ған болатын. Бұл станса мектептің жыл­дық энер­гия шығынын 30 пайызға үнем­деуге мүм­кіндік береді. Мек­теп оқушылары күн электр станса­сының көмегімен ғы­лы­ми жобалар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуді қолға алмақ.

– Ең бастысы, шәкірттеріміз мамандық таңдау, жұмысқа орналасу кезінде әлемде экология мәселесінің маңызды екенін түсінетін болады. Сол себептен, мұндай инновациялық жобаларды мектептерге енгізуді қолға алдық, – дейді К.Шәмшидинова.

Күн электр стансасы мек­тептің стадионына орнатылды. Оның ұзындығы – 73, биіктігі 4 метрге жетеді. Күн батареясының тіректері 13 блокқа бөлініпті. Мұнда спорттық іс-шаралар кезінде көрермендер үшін екі сатылы орындық қойылған. Енді мұндай күн электр стан­сасының құрылысын Түркістан қаласындағы Назар­баев Зият­керлік мектебінде жүргізу жоспарланып отыр.

Атырау облысы

Бөлісу:
Күннен жиналатын қуат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар