Күрес
1 мин оқу 432
Жамиля Бақбергенова Әлем чемпионатының финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әйелдер күресінен Жамиля Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Бусе Турсынды (Түркия) жеңді. Екеуара кездесу 13:2 есебімен отандасымыздың еншісіне шешілді.
Қазақстандық балуан финалда Масако Фуруичимен кездеседі.
Айта кетерлігі, қос қарсылас 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатының жұбаныш финалында кездескен.
Әлем чемпионатының финалы 7 қазан күні елорда уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Бөлісу: