Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.<br /><br /></p>

«Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Бірақ арнайы талаптар бар. Біріншіден, үміткер қалада кемінде бір жыл тіркеулі, Отбасы банкте жинақ шоты болуы керек. Сондай-ақ, бағдарламаға үміткердің ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем емес және соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы тиіс. Осылайша, «бағдарламаға қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. Сатып алынатын баспананың құны – шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өтінімдер qatysu.zhilfond.kz порталында 14 қазаннан бастап қабылданады» деп хабарлады елорда әкімдігі.