Әлем
1 мин оқу 360

Анкарада түркітілдес елдердің сот жүйесі өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Түркітілдес елдердің сот жүйесі академияларының өкілдері Анкарада жиналып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түрік әділет академиясы үйлестіретін кездесу Судьялар үйінде (Хакимеви) 5-8 қазан аралығында өтеді. Шараға Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның сот жүйесінің білім беру құрылымдарының өкілдері қатысады. Кездесу барысында түркітілдес елдердің соттық білім беру жүйесінің институттары таныстырылады, сондай-ақ ұйымның жанынан «Түркі кеңесінің Сот академиялары одағын (TUYAB)» құру мәселесі ұсынылады.

Бөлісу:
Анкарада түркітілдес елдердің сот жүйесі өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар