Қазақстан
1 мин оқу 441

ТМД елдері қарулы күштерінің байланыс басшылары Ереванда кездесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы, полковник Арман Қалижанов ТМД-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері байланыс басшыларымен өткен Үйлестіру комитетінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштері байланыс әскерлерінің басшылары біріккен байланыс жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамыту бойынша орындалған және жоспарланған іс-шараларды, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу кезінде байланысты ұйымдастыру ерекшеліктерін және басқа да ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысында Үйлестіру комитетінің алдағы бес жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің байланыс тораптарымен келесі жылға арналған бірлескен жаттығулар кестесі бекітіліп,  кезекті бірлескен кеңестің бастапқы күн тәртібі талқыланды.

Бөлісу:
ТМД елдері қарулы күштерінің байланыс басшылары Ереванда кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар