Қоғам
1 мин оқу 291

Автобусқа мінуге электронды билет жарамды – ҚР ИИДМ

<p style="text-align: justify;">Бұдан былай қазақстандықтар автобуспен қатынау үшін электронды билет алуға тиіс. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне осындай өзгеріс енгізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

4 қазандағы бұйрықта көрсетілгендей, бұдай былай жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсете алады.  Айта кетерлігі, куәліктің түп-нұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды саналады. Автобусқа мінгізерде жолаушының билетте көрсетілген аты-жөні мен куәлігіндегі жазбасы тексеріледі.

Халықаралық және қалааралық бағыттардағы автобустың жолақысы мен жүк ақысын бұрынғыдай автобекеттер мен жолаушыға қызмет көрсететін орындар мен ақпараттық жүйе арқылы қабылданады. 

Бөлісу:
Автобусқа мінуге электронды билет жарамды – ҚР ИИДМ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар