Әлем
1 мин оқу 310

Шенеуніктер екпе салдыруға міндеттелді

<p style="text-align: justify;">Канада билігі мемлекеттік қызметкерлердің барлығына 2 айдың ішінде коронавирусқа қарсы вакцина алуды міндеттеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сонымен қатар ел ішінде пойыз және ұшақпен сапарлайтын азаматтарға да осындай талап қойылмақ.

Биліктің мәлімдеуінше, шара елдің Денсаулық сақтау саласына ауыртпалықты азайтып, экономиканы қалпына келтіруді жылдамдату үшін қолға алынған. Ал ресми дерекке қарағанда Канадада 300 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар.

Қазірге дейін халықтың 82 проценті толық вакциналанып, 88 пайызы екпенің бірінші дозасын салдырған.

Бөлісу:
Шенеуніктер екпе салдыруға міндеттелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар