Спорт
1 мин оқу 202

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда, 242 спортшы қатысып жатыр. Әйелдер арасында 86 спортшы өзара бақ сынаса, ерлер арасында 156 спортшы жарыс жолына шығады.

Жарыс қашықтығы және стилі:

Еркін стиль 50м,100,200 м;

Баттерфляй 50 м,100 м ,200 м;

Шалқалап жүзу 50 м,100 м,200 м;

Брасс 50 м,100 м,200 м;

Кешенді жүзу 200 м ,400 м;  

Еркін стиль 800 м, 1500 м жүзу қашықтықтарында алдын ала және ақтық жүзу, Эстафеталық жүзу ақтық жарыстар арқылы өткізіледі.

Айта кетерлігі, жүзуден Қазақстан чемпионаты 8 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар