Бокс
1 мин оқу 310

Неміс боксшысы шаршы алаңға қазақы киіммен шығатын болды

<p style="text-align: justify;">Неміс боксшысы Артур Манн шаршы алаңға қазақтың ұлттық оюы бар киім киіп, Қазақстанның туын алып шығады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол  латвиялық боксшы Майрис Бредиспен 16 қазанда Рена аренасында жұдырықтасады. Екі боксшы бірінші ауыр салмақта IBF чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Бұл Бредис үшін бір жылдан астам үзілістен кейінгі бірінші жекпе-жек болмақ.

Айта кетейік, Манн 1990 жылы Ақтөбеде туып, екі жылдан кейін Германияға көшкен. Кәсіби бокста Германия атынан шығады.

Бөлісу:
Неміс боксшысы шаршы алаңға қазақы киіммен шығатын болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар