Әлем
1 мин оқу 570

Токиода жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Токио ауданында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Токиода жер сілкінді

Бұл туралы Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы мәлімдеді. Жер дүмпулерінің эпицентрі Токио мен Тиба префектураларының шекарасында орналасқан. Сілкініс тереңдігі – 80 шақырым. Жапония астанасындағы ғимараттардың қабырғалары босап қалды. Көшелерде ескерту жедел жүйесі іске қосылды. Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жоқ, алайда сейсмологтар жердің қайта сілкінуі мүмкін екенін айтты. Оқиғадан кейін Токио ауданындағы жүрдек пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Еске салсақ, 6 шілде күні таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан үш адам жарақат алған болатын.

Бөлісу:
Токиода жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар