Аймақтар
1 мин оқу 176

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 12 адамды құтқарған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өрт 8 қазанда түнгі сағат 01.22-де Сәтбаев көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйден шықты. Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз, терезе блогы мен линолеум жанды. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер 10 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін тұмшалаған подъезден 12 тұрғынды эвакуациялады. Көп ұзамай жалпы ауданы 8 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды», деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Өрт шығуына - отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.

Бөлісу:
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар