Елорда
1 мин оқу 234
Елордада жылдамдық шектеулері өзгерді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылында жылдамдық шектеуі өзгертілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл жайында қалалық City Transportation Systems компаниясы ресми мәлімет таратты.
Оған сәйкес Тұран даңғылының бойында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі екі бағыттағы учаскеде жылдамдық 80-нен 60 км/сағ дейін төмендетілген.
Жылдамдық шектеуіндегі өзгерістер 2021 жылдың 8 қазанында сағат 00.00-ден басталды.
«Біз елорда тұрғындары мен қонақтарына аса мұқият болуды және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің талаптарын басшылыққа ала отырып көлік жүргізуді өтінеміз», деп ескертеді көлік компаниясынан.
Бөлісу: