Спорт
1 мин оқу 490

Ұлттық спорт ұлтты біріктіреді

<p style="text-align: justify;">Елордада Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық &laquo;Ұлы дала рухы&raquo; фестивалі өтуде. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізіліп жатыр.</p>

Ұлттық спорт ұлтты біріктіреді

Астындағы тұлпарының бабын тапқан батырлар дәс­түрлі асық ату ойынында бақ сынаса, ал апайтөс балуан­дарымыз қазақ күресінің сәнін келтірмек. Ал шақар да шандоз шабандоздар күш пен бі­лек және ақыл мен қайрат қа­тар топқа түсетін көкпар ойы­нында кімнің мықты екенін анық­тамақ.

Республикамыздың түк­пір-түкпірінен жиналған спорт­­шылар – өз аймағында ірік­­­теуден өтіп, үздіктер қа­тарынан табылғандар. Сол­түстік Қазақстан, Оң­түстік Қазақстан, Батыс Қазақ­стан, Шы­ғыс Қазақстан об­лыс­та­рының таңдаулы спорт­­шы­лары ұлттық ойын­да­ры­мыздың көркін қыздыр­мақ ниетте.

Жалпы алғанда 7 ойын түрінен жарыстар өткізу жос­парланған екен. Атап айт­сақ, асық ату, қазақ күресі, то­­ғызқұмалақ, аударыспақ, көк­­пар, жамбы ату, теңге ілу. Бұл – бабамыздан бізге жеткен асыл мұра, қазақтың қанына сіңген бәсекелі бәйгелер. Сон­дықтан әр өңірден өз бағын сынау үшін келген жалынды жігіттердің ерлігіне сүйсінуге болады.

Отыз жылдық торқалы той­ға орайластырылған ұлан-­ғайыр спорт шарасын ұйым­дастыруға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынық­ты­ру істері коми­тетіне қа­расты «Ұлттық және ат спор­ты түрлері ор­талығы» РМҚК мұрындық болып отыр­­ғанын да айта кетейік. Ұлттық ойындар қазақ мә­дениетінің ажырамас бө­лігі екені даусыз. Онда ха­лықтың өмірі мен мінезі жа­тыр.

Денешынықтыру саласы – мемлекет саясаттының ма­ңызды бөлігі. Әсіресе, ұлт­­тық ойындарымыз ұлтты бірік­­тіре­тін үлкен күшке ие.

Бөлісу:
Ұлттық спорт ұлтты біріктіреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар